Алматыда Қазақстан-Иран бизнес форумы басталды
«Қазақстан-Иран бизнес форумы осындай жоғары деңгейде тұңғыш рет өтіп отыр. Иран тарапынан бізге ақпараттық технология, прибор жасау, электроника және инновациялық экономиканың басқа да салаларында қызмет атқаратын 25 компания өкілдері келді. Форумның арқасында қазақстандық компаниялар ирандық компаниялармен тығыз ынтымақтастық орнатады деген үміттеміз. Сонымен қатар екі елдің еркін экономикалық аймақтары арасында ынтымақтастық бойынша Меморандумдарға қол қойылады. Иран осы іскерлік форумының арқасында Еуразиялық экономикалық одақтың нарығына шығатын болады»,- деді өз өзінде «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА мониторинг комитетінің менеджері Марат Сариев. Айта кетелік, бүгінгі бизнес форум аясында ирандық және қазақстандық компаниялар шығаратын өнімдер бойынша көрме ашылды. Форум 24 шілдеге дейін жалғасады.