Алматыда Қазақстан мен Қырғызстанның сәйгүліктері қатысқан ат жарысы өтті

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алатау ауданының бес жылдық мерейтойына орай ат жарысы өтті. Оған Қазақстанның Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан және көршілес қырғыз елінің желмен жарысқан қылқұйрықтары қатысты. Жеті шақырымдық құнан бәйгеде 27 жүйріктің арасынан жамбылдық Ерсұлтан Серіковтың «Асылтасы» мәре сызығын бірінші боп кесіп өтті. Алматы облысындағы «Нұрай» жеке шаруашылығының «Шерханы» мен Жамбыл облысынан Жасұлан Меңдібайдың «Қарақаты» 2-3 орын алды.
None
None

13 шақырымдық топ бәйгеде 39 тұлпардың ішінен алматылық Сұлтанбек Тәкежановтың «Патшасы», Алматы облысынан Елнұр Наурызбаевтың «Желі» мен Жамбыл облысындағы Талас жылқы зауытының «Фарсайты» 1-3 орындарды өзара бөлісті. Ал 19 шақырымдық аламанда Алматы облысынан Алнұр Назарбаевтың «Ақбақайы» мен Сұлтан Серіковтың «Қарагері» және Жамбыл облысынан Дінмұхамет Мырзағұловтың "Алауы" 33 сәйгүліктін арасынан үздік шықты. Онда жеңімпаздар шетелдік автокөлік мініп қайтса, жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болды.

Соңғы жаңалықтар