Алматыда Қазақстан мен Жапонияның арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы түсірілген деректі ойын фильмінің тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда Қазақстан мен Жапонияның арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы түсірілген «Дала мен мұхит» деп аталатын деректі ойын фильмінің тұсаукесері өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оны Жапонияның  «JTI» компаниясының демеушілігімен және NHK телерадиокомпаниясының қатысумен  қазақстандық «MG Production» кинокомпаниясы түсірді. Жобаны  жүзеге асыруға сондай-ақ, Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі, ҚР Президентінің баспасөз қызметі мен ҚР Президентінің телерадиокешені атсалысты», дейді режиссер Әсия Сүлеева. Оның сценариін жазған Ксения Якшимбетова мен Әсия Сүлеева, операторлары Әубәкір Сүлеев пен  Еркін Сатенов, дыбыс режиссері Сәкен Битаев, видеоинженері Айбек Қапаров, мәтінін  оқыған Ерлан Хайрущов, ал продюсерлері Ернар Маликов пен Марина Кунарова.

«MG Production» кинокомпаниясы бұған дейін детективті «Қарсы тараптар»  мен   «Үйге дейінгі ұзақ жол» ойын фильмін түсірді. Сонымен қатар  Бибігүл Төлегенова туралы «Жүректен шыққан әндер», Роза Бағланова туралы «Ах, Самара городок»  және  «Салықтар тарихы» тарихи-танымдық деректі фильмдері  мен  «Дарабоз» ұлттық тележобасын және  тағы басқа да  түрлі жобаларды жүзеге асырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар