Алматыда Қазақстан Суретшілер одағының XVI құрылтайына арналған көрме ашылды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында Қазақстан суретшілерінің 2004-2009 жылдар аралығында салынған, жасалған шығармаларының өнер көрмесі ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш көрме сәуірдің 23-інде өтетін Қазақстан Суретшілер одағының XVI құрылтайы қарсаңындағы шығармашылық есеп ретінде өткізіліп отыр. Экспозицияда әртүрлі жанрдағы 400-ден астам туындылар қойылған. Көрмеге Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен қалаларының суретшілері қатысуда. Көрме сәуірдің 21-іне дейін жалғасып, арнайы «дөңгелек үстел» мәжілісімен жабылады. Оған суретшілер, Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері, өнертанушылар қатысып, еліміздегі сурет өнерінің жай-күйін, құрылтайда қозғалатын тақырыптарды талқыламақ.
Соңғы жаңалықтар