Алматыда Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының келешегі талқыланды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) «Қазақстан-Үндістан: ынтымақтастығының мәселелері» атты халықаралық конференция өтті.
None
None
Бұл мәслихат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы айдың 23-26 аралығында өтетін Үндістанға сапарына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚСЗИ, Үндістан елшілігі, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры ұйымдастырған шараға Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ашок Саджанхар, Үндістанның мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, ғылыми институттардың, саяси зерттеу орталықтарының мамандары қатысты. Конференция барысында басты мәселе ретінде Орталық Азия аймағына достық қарым-қатынас орнатуға көңіл бөлініп отырғаны айтылды. Сондай-ақ Үндістан Қазақстанмен энергия көздері бойынша экономикалық әріптестік орнатуға бейілді. «Бұл мәселелердің барлығы ҚР Президентінің алдағы сапарында егжей-тегжейлі талқыланып, оң бағытта шешіледі деп ойлаймын», деді А. Саджанхар.
Соңғы жаңалықтар