16:02, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда «Қазақстан ?Үндістан: ынтымақтастық перспективалары» деп аталатын конференция өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қаңтардың 19-ында «Қазақстан-Үндістан: ынтымақтастық перспективалары» деп аталатын конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үндістанның Қазақстандағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оны Үндістан елшілігі мен Нью-Делидегі Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бөлімі ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен ынтымақтасып ұйымдастырып отыр. Бұл шара ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы айдың аяғына Үндістанға жоспарланып отырған ресми сапарына орайластырылуда. Үндістан Президенті Елбасын Үндістанның тәуелсіздік мерекесінің басты мейманы ретінде шақырып отыр. Мемлекет басшысының 7 жылдық үзілістен кейінгі бұл сапары екі елдің саяси, стратегиялық, сауда, экономика, ғылым, техника, мәдениет, қауіпсіздік және тағы басқа да көптеген салалардағы екіжақты қарым-қатынасына тың серпін береді деп жоспарлануда. Сол себепті де бұл конференцияға Қазақстан мен Үндістанның зиялы қауым өкілдері, көрнекті ғылым қайраткерлері мен академиктер қатыспақ.