19:45, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Алматыда Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне арналған саяси клуб отырысы өтеді
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - /Сайлау Абылаев/ - Шілденің 15-інде Алматыда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Парламентаризм институтымен бірлесе отырып, «Саяси диалог мәдениетін құру және келіссөздер жүргізу арқылы жан-жақты қатысуды ілгері жылжыту» жобасы ауқымында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту факторы» тақырыбында аймақтық саяси клуб отырысын өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыстың басты мақсаты - әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы ұстанымдарын жетілдіру жөнінде ұсынбалар әзірлеу болмақ.
Саяси клуб отырысының жұмысына азаматтық қоғам институттарының, саяси партиялардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар және сарапшылар қатыспақ.