Алматыда «Қазақстандағы Сталиндік қасірет» мәселесі талқыланды

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңес Үкіметі тұсында қазақ халқы 3 рет жасанды аштықты бастан кешіріп, 1917-19, 1921-23, 1931-33 жылдары 4 миллионнан астам адамнан айырылды. Бұның сыртында сан мың адам жазықсыз қуғын-сүргін құрбаны болды. Осы істің басында Сталин тұрғаны мәлім. Сондықтан бүгінгі конференция барысында Сталиннің Қазақстанға салған зобалаңы, себеп-салдары жайлы талқылауды жөн көрдік» дейді «Әділет» тарихи-зерттеу қоғамының президенті, жазушы Бейбіт Қойшыбаев.

«Ресейде Сталин туралы қызу пікір-талас жүріп жатыр. Бізде де Сталин зобалаңының азабын тартқан ел ретінде оның бейнесін ашып көрсетуіміз керек. Бүгінгі отырыс осы істің басы болуы тиіс», дейді тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Шара соңында конференцияға қатысушылар Қазақстан халқына арналған үндеу қабылдады.

Шараны «Әділет» тарихи-зерттеу қоғамы, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар орталық мұрағаты, «Алаш» тарихи зертеу орталығы, Қазақстан тарихшылар қауымдастығы мен А.Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қор ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар