Алматыда Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады

Оны Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастыруда. Бұл шараға ғалымдар, талдау және сараптау қоғамдастықтарының жетекші сарапшылары, мемлекеттік басқару органдарының, инвестициялық және инновациялық қорлардың, ұлттық компаниялардың, бизнес құрылымдардың, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып отыр. Онда жаһанданудың инновациялық үдеріске әсері, экономиканы әртараптандыру және Қазақстандағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарының жүзеге асырылуы, бар өндірістерді жаңартуға және жаңадан құруға бизнес пен мемлекеттің күшін біріктіру мәселелері талқыға түседі деп күтілуде
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылдың 19 наурызында Президент Жарлығымен бекітілген болатын. Ол алдымен ұлттық экономиканың тұрақты және теңдестірілген дамуын қамтамасыз етуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық өсу орталықтарын құру және экономикалық секторлардың басым бағыттарын дамыту бойынша мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрекеттесуіне бағытталған.