Алматыда «Қазақстанның инновациялық дамуын мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты конференция өтіп жатыр

None
None
; АЛМАТЫ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өту шеңберінде «Қазақстанның инновациялық дамуын мемлекеттік-құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Оқу орынның мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен басталған конференцияға Қазақстанның және шет мемлекеттердің заң саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, мемлекеттік органдардың, түрлі саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сонымен қатар жоғары оқу орындарының оқытушылары мен РһD докторанттары қатысуда.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтуде.

Конференция сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау өткізуіне байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шара болып табылады. Осыған байланысты конференция барысында Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуының өзекті мәселелері, мемлекеттің осы заманға сай инновациялық даму жағдайында заңнаманың жүзеге асырылуының теориялық және тәжірибелік мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылардың талқылауына: "Егеменді Қазақстанның инновациялық дамуының шарттары ретінде Қазақстан қоғамының құқықтық-өнегелік патриоттық тәжірибелеудің мәселелерін өзектілендіру"; "Инновациялық процестерді реттеудің құралы ретінде мемлекеттік органдардың заң шығармашылық және құқық-қолданушылық тәжірибені дамытудың мәселелері"; "Азаматтық қоғам институттары дамуының құқықтық мәселелері"; "Дәстүрлі кезеңдегі қазақтардың құқықтық құндылықтарда, идеяларда, құқық нормаларын қолдану негізінде Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетін қалыптастыру" сынды осы және өзге де мәселелер шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram