Алматыда қазақтану туралы халықаралық ғылыми-теориялық конференция болады

Жақан Жанболұлы - қазақтану және жаңару философиясы мәселелерінің әдістемелік негіздерін, сонымен бірге ұлттық тәрбиенің тәлімдік өнегелері және қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің дүниетанымы мен философиясы төңірегінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген 600-ден артық ғылыми еңбектердің авторы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры 2008-2009 жылдары іргелі ғылыми ізденістері үшін президенттік гранттың иегері, 2009 жылы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең үздік оқытушысы» атанды. 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орындарының ең үздік оқытушысы» атағын иеленіп, 2011жылы «Шешендік» оқу құралына «Ы. Алтынсарин атындағы» сыйлық берілді.