12:27, 19 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда кедендік бақылау департаменті қызметкерлері арасында жарыстар өтіп жатыр
МАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында және Қазақстан Республикасы кедендік қызметінің құрылғанына 20 жыл толуына орай,
кедендік бақылау департаменті қызметкерлері арасында спорттық шаралар өтіп жатыр.
Алматы қаласы кедендік бақылау департаментіұйымдастырған спорттық сайыстарға кеден қызметінің құрылымдық бөлімшелері де қатысуда. Жарыстар спорттың әр түрі бойынша өтуде. Олардың арасында шағын футбол, волейбол, кір тасын көтеру, шахмат, қазақша күрес, 1000 метрге жүгіру түрлері бар.
Аталмыш шара аясында футболдан Кедендік бақылау департаменті мен Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ арасында достық кездесу өткізілетін болады.
Спорттық жарыстар Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-і спорт кешенінде өтуде.