Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 50-ден астам өнім түрлері ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы «Астана» алаңында Жамбыл облысының 1 қаласы мен 10 ауданынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жамбыл облысынан Алматы қаласына жалпы сомасы 108,3 млн. теңгеге экологиялық жағынан таза 155 тонна өнім жеткізілді. Олардың ішінде ет өнімдері - 36 тонна, жеміс-көкөніс өнімдері - 93 тонна, сүт өнімдері - 13 тонна, басқа да өнімдер - 13 тонна. Өнімдердің бағасы базар нарқынан - 15-20 пайызға төмен.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Алматы қаласының тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс атқаратын 40 кәсіпорынның тауарлары сатып алуға ұсынылды.    

Жәрмеңкеге келген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев сауда қатарларын аралап, тауарлардың сапасы мен баға деңгейіне баға берді. 

Б. Байбек өңірлік жәрмеңкелерді ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, қазіргі таңда Алматының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.

Биыл Алматыда осындай кеңейтілген тағы 10 ауыл шпаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.   

Егер өткен жылы Оңтүстік Астанада демалыс күндері 700 жәрмеңке өткізілген болса, биыл барлық аудандарды қосқанда 800 жәрмеңке өткізу көзделіп отыр. 

Айта кетелік, Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында соңғы 8 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар