Алматыда қоғамдық көлік жұмысына қандай талаптар қойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы қоғамдық көліктерде жүретін жолаушы саны отыратын орыннан аспауы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік, такси мен мамандандырылған көліктер санитарлық және дезинфекциялық режимге сай болуы керек. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушыға көрінетін жерде жүргізуші туралы ақпарат ілініп туруы (жүргізушінің төлқұжаты, қызмет көрсететін компания туралы мәлімет, телефон және көлік нөмірі) тиіс.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктегі жолаушы саны отыратын орыннан аспауы керек.

Бұдан бөлек, гигиеналық шараларды сақтау талаптары күшейтіледі. Соңғы аялдамада қоғамдық көліктің ішіне дезинфекция жасап, дымқыл тазалау жүргізу қажет. Әр 3 сағат сайын жеке қорғаныс құралдарын (бет маскасы, қолғап) ауыстырып отыру міндеттеледі.

Айта ктерлігі, эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шаралар мен режимдер өзгеруі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар