Алматыда «Көк байрағым, желбіре» деген айдармен симфониялық концерт өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 19 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ғы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «Көк байрағым, желбіре» деген айдармен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған симфониялық концерт өтіп жатыр.
None
None

Бағдарламаға мемлекеттік симфониялық оркестрдің репертуарындағы Е. Рахмадиев, Д. Ботбаев, М. Құсайынұлы, Б. Жұманиязов, М. Маңғытаев, К. Дүйсекеев, Ж. Тұрсынбаевтың шығармалары еніп отыр. Оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетрекшісі Ваг Папян, дирижері Ерболат Ахмедияров. Солист халықаралық байқаулардың лауреаты Әмір Бисенғалиев.

Ертең мұнда енді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерті өтпек. Онда Б. Аманжол, Ә. Алпысбаев, С. Әбдінұров, Б. Дәлденбай, Б. Қыдырбек, А. Мейірбеков, О. Несіпханов, Е. Нұрымбетов, Е. Өміров, А. Райымқұлова, А. Тоқсанбаев, Е. Құсайынов, Қ. Шілдебай шығармалары шырқалмақ.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің негізі 1933 жылы қаланған болатын. Оны Алматыда музыкалық драма техникумы (қазіргі Алматы музыка колледжі) жанынан домбыра ансамблі ретінде А. Жұбанов ұйымдастырған еді. 1934 жылы ансамбль Халық өнерпаздарының бүкілодақтық 1-слетіне қатысқан соң КазЦИК атындағы оркестр болып қайта құрылды. 1944 жылы оған Құрманғазының есімі берілді. 1953 жылы оркестр Бухарест қаласында өткен Жастар мен студенттердің бүкілдүниежүзілік фестивалінің алтын медаліне ие болды. «Халықтар достығы» орленімен марапатталды. Сондай-ақ 1967 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы атанып, 1978 жылы академиялық мәртебеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар