Алматыда көлігімен бөгетке соғылған ер адам ажал құшты

Өткен жексенбі күні таңғы бес жарым кезінде Сейфуллин даңғылымен солтүстікке қарай келе жатқан «Тайота Камри» автокөлігінің жүргізушісі Крамский көшесінде қоршауға соғылды. Бұл жерде кәріздік және жылу жүйесінің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Соғылудың салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. Көліктің ішінде ол жалғыз болған. Келеңсіз жағдайды көзбен көргендер жүргізушіні көліктің ішінен өз күштерімен алып шыққан.Небәрі бірнеше секундтар өткеннен кейін көлік отқа оранған.
Қазір апаттың орын алуына себеп болған жағдай анықталып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, жөндеу учаскесінде жүргізушілерге арналған ескерту белгілері болған. Сот- медициналық, сот-автотехникалық сараптамалар белгіленді. ІІД тергеу басқармасында қызмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.