12:37, 10 Қараша 2017 | GMT +5
Алматыда көлігін газон үстіне қойып кеткен әйел айыппұл төлейтін болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Порше Кайен көлігін газон үстіне қойып кеткен әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл құқықбұзушылықты Алматы тұрғындары суретке түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жіберген болатын.
«Аталған дерек бойынша 47 жастағы әйел ҚР ӘҚК 597-бабының 2-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйел адам өзінің жол ережесін бұзғанын мойындады. Қалалық полиция тұрақ ережесін бұзған автожүргізушілермен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 13 400 жүргізуші көлігін дұрыс қоймағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Оның ішінде 1200 адам көлігін мүгедектерге арналған тұраққа қойған.