Алматыда көлік апатынан болатын өлім көрсеткіші азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жүйесі енгізілгелі бері Алматыда жол апаты көрсеткіші - 26%-ға, жарақат алу көрсеткіші -20%-ға, адам өлімі 18%-ға азайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Полиция департаментінен хабарлады.

Алматыда көлік апатынан болатын өлім көрсеткіші азайды

«2013 жылдан бері «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр. Елбасының 2018 жылғы халыққа Жолдауындағы 4-9 міндеттерді орындау мақсатында ақпараттық бейнеролик жасалды», - деді полиция департаментінен.

Бұл видео қалалық әкімдіктің қолдауымен халықтың цифрландыру, ақпараттық технологиялық саласындағы сауатын арттыру үшін түсірілді.

Бұл жоба халықаралық RoadScan технологиясына негізделген.

«Жол қауіпсіздігін автоматтандыру жол апатының азаюына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, құқық қорғау органдарына деген халықтың сенімінің артуына, жүргізушілердің тәртібін жөндеуге септігін тигізді», - деді Полиция департаментінен.