Алматыда коммуникация туралы халықаралық дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған бұл шараға АҚШ, Германия, Ресей сияқты шет елдердің ғалымдары, бұқаралық коммуникация, журналистика және қоғаммен байланыс салаларының жетекші мамандары және еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының магистранттары мен докторанттары қатысуда.
Онда - «Коммуникация және жастар», «Коммуникация - байланыс құралы», «Коммуникация - қарым-қатынас, тілдесу құралы», «Коммуникация - ақпаратты әзірлеу, ақпаратты сақтау және ақпаратты жеткізу құралы», «Тілдесу, қарым-қатынас - адамдардың өзара қарым-қатынас орнатуына, өзара ықпалдасуына мүмкіндік беретін сан қырлы үдеріс», «Аудиовизуалды коммуникация», «Тұлғааралық коммуникация», «Желілік коммуникация», «Бұқаралық коммуникацияның жаңа құралдары», «Коммуникацияның жастардың рухани дамуына әсері» деген тақырыптар талқыланып жатыр.