00:56, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Алматыда «Компот» дәмханасында шыққан өрт сөндірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Компот» дәмханасында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«11 шілдеде сағат 21:58-де Алматы қалалық ТЖД-ның «101» қызметіне Медеу ауданындағы «Компот» дәмханасы өртеніп жатқаны туралы оқиғаны көрген адам хабарласқан. Алғашқы өрт сөндіірушілер Космодемьянская көшесіне 6 минуттан соң, 22:04-те жеткен. Олар келген уақытта дәмхана шатыры жалынға оранып үлгерген. Өрт сөндіру кезінде 5 газ баллоны және 1 оттегі баллоны шығарылды. Өрт сөндіруге гидранттардағы қысымның болмауы қиындық тудырды. Ғимаратты ұзақ уақытқа электрден ағытылуы да жағдайды қиындатты», - делінген хабарламада.
Бастапқы мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр тоғының беруде ақау себепші болған.
Өрт сағат 22:57-де ауыздықталды, 23:50-де толық сөндірілді. Жалын 600 шаршы метр жерді шарпыған. Одан ешкім зардап шекпеген.