20:25, 23 Тамыз 2014 | GMT +5
Алматыда Конституция күніне орай қазақстандық фильмдер тегін көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Конституция күніне орай отандық көркем фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді.Көрсетілімдер 2014 жылғы 29, 30 тамыз күндері ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, 29 тамыз күні сағат 12.00-де «Арман» кинотеатрында «Аңшы бала» фильмі қазақ тілінде көрермен назарына ұсынылса, сағат 14.00-де «На Райымбека» кинотеатры «Елбасы жолы» (қазақ тілінде) фильмін көрсетеді. Ал 30 тамызда сағат 12.00-де «Star Cinema Мега Алматы» - «Секер» (орыс тілінде), дәл осы уақытта «Star Cinema Prime Plaza» - «Қош бол, Гүлсары!» (қазақ тілінде) туындысын тамашалауға көгілдір экран алдына өз көрермендерін шақырады.
Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды kinostan.kz.