16:52, 09 Желтоқсан 2020 | GMT +5
Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай әлі де күрделі – Жандарбек Бекшин
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай әлі де күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Мұны республика аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша аңғаруға болады. Қазір Алматы «жасыл» және «сары» аймақтың арасында тұр», - деді Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұған дейін Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес, жаңа карантиндік шектеулер енгізілетіні туралы хабарланған болатынбыз.