Алматыда коронавируспен ауырғандар саны бірнеше есе азайды

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматының ковидтік стационарларында 283 адам, оның ішінде 10 бала емделуде. Жалпы, қала тұрғындары арасында инфекцияның расталған жағдайларының саны азайды. Инфекциялық госпитальдардағы төсектердің жартысынан көбі бос. Бүгінде 20 медициналық мекемеде барлығы 845 төсек-орын бар.
Интенсивті терапия реанимация бөлімшелерінде 32 науқас бар, тыныс алу аппараттарына 11 адам, инвазивті емес тыныс алу аппараттарына 6 адам қосылған, 6 High flow аппараты жұмыс істейді.
Медициналық алғашқы көмек бригадалары мен телемедицина орталығының бақылауында 647 адам бар, олардың басым бөлігінде КВИ белгілері бар.
Қаланың барлық медициналық нысандары Наурыз мерекесіне дайын. Қонақтар мен қала тұрғындары үшін эпидемиологиялық қауіпсіздік толық көлемде қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, Наниман Табынбаев пандемияны аяқтау үшін бетперде киіп, вакцинациядан өту қажеттігін атап өтті. Алматылықтар аурудың таралуына жол бермеу үшін иммундық жағдайды сақтап, оны қолдауы керек деп санайды.
«Вакцинацияланған адамдар әлі күнге дейін ауруханалардағы КВИ пациенттерінің аз бөлігін құрайды. Қазір ең бастысы – вирустың таралуын тоқтату, вакциналар мен сақтық шараларын қолдану. Сонымен қатар, екі екпе жасағандарға бустерлік доза қажет», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Айта кетейік, 3 наурыздағы жағдай бойынша Алматыда бірінші компонентпен 1 145 655 адам, екінші компонентпен – 1 103 529 адам егілді. 60 жастан асқан егілген адамдардың жалпы саны - 124 997 адам. Ревакцинацияны 261 021 алматылық алды.
Қалада әлі де медициналық ұйымдарда 137 вакцинация пункті жұмыс істейді.