Алматыда «Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» атты монография жарық көрді

МАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Еуразия территориясындағы көшпенділер мәдениеті» деген тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында «Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» атты монографияның таныстырылымы болып өтті.
None
None

Оның авторы Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасының доценті Маргарита Өмірбекова.

Ғылыми монографияда ежелгі көшпенділердің философиялық антропологиялық негізгі мәселесі ретінде төрт суперэтникалық тайпаның рухани дүниетанымы мен материалдық мәдениеті қола дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейін жан-жақты зерттелген.

«Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» атты тақырып бұған дейін философия, мәдениет, тарих, семеотика, лингвистика, этнография, археология, әдебиет саласында көтерілген емес. Аталмыш тақырыптағы жұмыс елімізде алғаш рет жарық көріп отыр.

Ғылыми монографияда сондай-ақ, бұрын соңды қарастырылмаған бейнелеу өнеріндегі таңбалар мен тотемдердің рәміздік мағынасы талданады.

Монография студенттер мен магистранттарға және ғылыми қызметкерлерге арналады.

Соңғы жаңалықтар