Алматыда көтерме сауда дүңгіршектері отқа оранды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық өрт сөндірушілер 25 минуттың ішінде сауда дүңгіршектерінен шыққан өрттің алдын алып, қызыл жалынның одан ары таралуына жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 15:42-де Алматы ауданында, Райымбек көшесі бойындағы 212/2 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Сағат 15:49-да өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бірқабатты сауда дүңгіршектері мен асхананың өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің екі қабатты «Сабыржан» дүкеніне таралу қаупі болды. Оқиға орнында өртті сөндірудің екі ошағы белгіленіп, отты сөндіру үшін іркіліссіз су жеткізу қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 16:16-да өрттің беті қайтып, сағат 16:31-де, яғни 25 минуттың ішінде сөндірілді», - деп атап өтеді департаменттен.

Бұған дейін Алматыда «Саудакент» базарынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар