Алматыда ҚР Көлік және коммуникация министрінің қатысуымен Деректерді өңдеу орталығы іске қосылды

АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі еркін экономикалық аймағында бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев "Қазақтелеком" АҚ-ның инфрокоммуникациялық Деректерді өңдеу орталығын іске қосты.
None
None

«Бүгін ақпараттық технологиялар паркінде біз маңызды жобаны іске қостық. Ол электрондық қызметтерді, электрондық коммерцияны, бұлтты технологиялар мен өзге де инновациялық технологияларды дамыту үшін өте маңызды. Бұл орталық тек ақпараттық технологиялар паркіндегі компанияларға ғана емес, бүкіл заңды және жеке тұлғаларға арналған. Оны мемлекеттік органдар пайдалана алады. Қазіргі кезде елімізде осындай 16 орталық бар. Олардың саны алдағы уақытта бұдан ары көбейеді. Мұндай жобалар бізге өте керек. Өйткені олар инфрақұрлымның негізі», - дейді А. Жұмағұлов. Оның айтуынша, қазақстандық иентернет пен контентті дамытуда да маңызы өте зор бұл жоба «Ақпараттық Қазақстан -2020» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұған дейін ТМД елдері аумағындағы алғашқы ірі Tirer III сыныбындағы Деректерді өңдеу орталығы 2012 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласында іске қосылған болатын.

Инфрокоммуникациялық Деректерді өңдеу орталығының құрылысына "Қазақтелеком" Ақ 5 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсады.

Соңғы жаңалықтар