Алматыда ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Алматыда 2010 жылғы маусымның 4-інде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 23-ші жалпы отырысын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Кеңестің кезекті отырысының тақырыбы - «Қазақстан экономикасын білікті еңбек ресурстарымен тиімді қамтамасыз ету мәселелері».

Кеңес отырысының аясында Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңес құрамына кіретін шетел компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулері болады деп жоспарлануда.

Шетел инвесторларының кеңесі Қазақстанның инвестициялық қызметі мен инвестициялық ахуалы мәселелері талқыланатын кеңесші-консультативтік орган болып табылады. Шетел инвесторлары кеңесінің құрамына 26 ірі шетел компаниялары мен халықаралық ұйымдар кіреді. Кеңестің жалпы отырысы ҚР Президентінің төрағалығымен жылына екі рет өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар