Алматыда ҚР ҰҚК Академиясының құрылғанына 20 жыл толуы салтанатты түрде атап өтілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР ҰҚК Академиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
None
None

Жоғары оқу орны 1994 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Жоғарғы курстарының базасында құрылған.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы еліміздің арнаулы мемлекеттік органдары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын басты арнайы көпсалалы жоғары оқу орны болып табылады.

Бүгінгі күні Академия бакалавриаттан докторантураға дейін, қосымша кәсіби білім беру институттарын қамтитын көп деңгейлі білім беру жүйесі болып табылады.

Салтанатты іс-шараны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаев құттықтау сөзімен ашты.

Аталған шараға ТМД мемлекеттері арнайы оқу орындарының басшылары, Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов, Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ұлы Отан соғысының және ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері, сондай-ақ Академия бітірушілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар