Алматыда құлаған ағаш 8 көлікті басып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Медеу ауданында үлкен терек құлап, сегіз көлікті зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 13 тамыз күні Медеу ауданы, Гоголь-Абдуллин көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеоларды әлеуметтік желіге жүктеді.


«13 тамыз күні кешкі сағат 18: 35 -те «112» пультіне Абдуллин 27 «А» үйінің жанында ағаштың құлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 109 құтқару қызметі жіберілді. Белгілі болғанындай үлкен ағаш сегіз көлікті басып қалған. Оқиға орнында 2 техника, «109» құтқару қызметінің 4 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 5 маманы жұмыс істеді»,- деп хабарлады департаменттен.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.


Соңғы жаңалықтар