Алматыда құлақ мүкісі бар мүгедектер мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

trong>Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы «Есту қабілеті төмен азаматтардың әлеуметтік мәселесін тиімді шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 10 мыңға жуық есту қабілеті төмен адам бар, ал Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 155 мыңнан асады екен.

«Үкімет тарапынан қарайтын болсақ, құлағы естімейтін адамдарға үшінші топтық мүгедектігі беріліп, зейнетақы төленеді. Бүгінгі таңдағы олардың мәселелеріне тоқталсақ, заңда бұларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жағы көрсетілмеген, олар шамасы келгенше білім алып, жұмыс жасап күндерін көріп жатыр. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі де өз шешімін таппай отыр,  бұл мүгедектердің көпшілігі тігін, шаштараз мамандығы бойынша Алматы техникалық коледжін бітіреді.  Жұмыс беруші шағын кәсіпорындар бұларды жұмысқа алғысы келмейді, бұларға аудармашы керек, олармен жұмыс істеу қиын деп сылтау айтып жатады. Үкімет тарапынан мүгедектердің әлеуметтік жағы көрсетілген, тек сол заң орындалса жақсы болар еді. Тағы бір мәселе оларды ақпараттандыру мәселесі бойынша инфрақұрылым жоқ, тек қана «Хабар», «Қазақстан» арналарында кешкі сағат 5-тердегі жаңалықтарды ғана үн тілінде береді. Олар тек қана жаңалықты көріп шектелмеу керек, басқа да ғылыми-танымдық, ток-шоуларды көргілері келеді. Қазақстан өз егемендігін алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл болды, осы аралықта қазақ  үн тілі жаңа белестерге көтерілсе екен деп қазақ үн тілін біздің орталық жасап шығарды», дейді аталмыш орталықтың директоры Аманбике Ерғалиева.

Соңғы жаңалықтар