Алматыда құмнан салынған «Дисней қамалы» пайда болды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүсіншілер құмнан қалашық салды. Sand Fantasy фестивалі аясында құмнан жасалған ғажайып мүсіндер пайда болды.
None
None

Сауда үйі маңындағы автотұрақта 14 композиция бой көтерді. Олардың барлығы анимациялық фильмдер мен ертегілерден алынды. Оның ішінде миньондар, трансформер, Кинг-Конг, «Мұз дәуірі», «Аватар», «Жұлдызды соғыс» сынды туындылардың кейіпкерлері бар.

Келушілерді биіктігі 7 метр болатын «Дисней қамалы» баурап алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеде Украина мен Ресейден келген 11 мүсіншінің жұмысы қойылды. Олардың барлығы АҚШ, Белгия, Жапониядағы халықаралық байқаулардың лауреаты. Кейбірі Disneyland-пен келісімге отырған.

Фестиваль барысында 1600 тонна құм пайдаланылды. Мүсіндерді су мен желден қорғау үшін су мен желім араластырылған консистенциямен бояп шыққан.

Құмнан жасалған шедеврлер Алматыда 6 апта тұратын болды. Келушілерге кіру ақылы болмақ.

null null null null

Соңғы жаңалықтар