Алматыда құрылысшы серіктесімен төбелесіп, пышақтап тастаған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында екі мас құрылысшы төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«5 маусым күні Медеу аудандық полиция басқармасына Құлжа тасжолында тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерде екі жалдамалы жұмысшының арасындағы төбелес салдарынан ер адамның бірі есінен танып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгенде 37 жастағы Х. есімді ер адам Вася есімді серіктесімен бірге жоғарыда аталған пәтерді құрылыс жұмысын жүргізіп, ішімдік ішкені анықталды. Мас болған олардың арасында жанжал шыққан. Төбелес кезінде Х. серіктесіне бірнеше рет жарақат салған. Қазір қайтыс болған ер адамның аты-жөні анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды», - деп мәлімдеді Медеу аудандық полиция басқармасы ның бастығы Дәурен Өтебаев.