12:53, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлерді жерлеу рәсімі ОҚО-да болды
ШЫМКЕНТ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында Алматыда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлерді жерлеу рәсімдері болды. Ғалымжан Әбдіров пен Мақсат Дабылов түнгі кезекшілік кезінде қарулы қылмыскерлер қолынан қаза тапты.

Олардың екеуі де туған жерлерінде жерленді. Ғалымжан Әбдіров Қазығұрт ауданындағы Қарабастау ауылында, Мақсат Дабылов Түлкібас ауданында жер қойнауына берілді.
Екі сержанттың да артында отбасылары мен шиеттей балалары қалды. Екеуінің де жақсы қызметтік өтілі бар. Полицейлерді соңғы сапарға Алматы қаласындағы әріптестері шығарып салды.