Алматыда «Мәдени Азиада» бағдарламасы аясында «Толеранттылық - бірге өмір сүру өнері» атты фотоөнер байқауы өтеді

Көрмеге 50 автордың белгілі саясаткерлер мен мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері қатысқан спорттық жарыстардан ресми шараларға дейін қамтитын түрлі жанрдағы 100 жұмысы қойылатын болады. Сонымен қатар, өнер сүйер қауым фотопейзаждар мен портреттерді де тамашалай алатын болады.
Байқаудың көркем және шығармашылық қоғамдастық өкілдерінен құралған қазылар алқасы шара барысында жұмыстарды іріктеп, «Кәсіпқой», «Жасөспірім және әуесқой» санаттары бойынша байқау жеңімпаздарын анықтайды. Ең мықты деген туындылардың авторлары арнайы дипломдармен марапатталатын болады.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - Алматы қаласы Әкімдігінің Қысқы Азиада ойындары-2011 дирекциясы мен Көркемсурет көрмелері мен аукциондар дирекциясы.
Орталық көрме залының директоры Әсел Өміршинаның айтуынша, көрменің атауы жайдан-жай қойылмаған. «Кейінгі жылдардың тәжірибесі көз алдымызда билігін жүргізіп тұрған тарихтың өзі біздің алдымызда тұрған проблемаларды жалғыздан-жалғыз ешкімнің шеше алмайтынын көрсетіп берді. Қазір жер бетінде мыңдаған халық, жүздеген мемлекет, 5 миллиардтан астам адам өмір сүреді. Осыншама әр түрлі адамды біртұтас бір адами тіршілікке бірігіп тұрған не нәрсе? Бәрінен бұрын, ол - әлемнің тұтастығы негізінде пайда болатын біртұтас мәдениет, ол - адамдар мен халықтардың өзара сабақтастығы мен өзара тәуелділігі. Біздің Президентіміз дәл осы әлемнің тұтастығы мен аймақтарда және әлемде сенім атмосферасын сақтап қалғысы келеді. Қол жеткен мәдени интеграцияға, сөз жоқ, қазақ халқының көпғасырлық толерантты мен инновация үшін ашық мәдениеті өзек болып отыр. Оның негізінде бәрінен бұрын басқа этносқа деген шынайы достық ниет пен терең құрмет жатыр. Бүгін қазақстандық толеранттылық - тағдырдың жазуымен Отаны болған Қазақстандағы жүздеген халықтардың мәдениетінің, олардың дәстүрлері мен құндылықтары ерекшеліктерінің құймасы», - деді ол.
Оның айтуынша, біздің қазіргі әлеміміз рухани байлыққа зәру. «Олимпиадалық қозғалыс спортты білім мен мәдениеттің бір бөлігі деп қарай отырып, жеке адамның шығармашылық қуанышына негізделген және оның ақыл-ойы мен дене бітімінің дамуын үйлестіретін өмір салтын қалыптастыруға тырысады. Кейінгі жылдары спорттың өнерге жақындауымен қатар, оның эстетикалық және рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде өнердің де белгілі бір дәрежеде спорттану үрдісі байқалады, яғни мәдениеттің бұл саласына спортқа аса тән жарыс элементтері дендеп еніп келеді. Бұл жағынана алғанда заманауи мәдениет Ежелгі Грекиядағы мәдениеттің бар саласын, соның ішіндегі көркемсурет мәдениеті әлемін де шарпыған күрес пен жарыс рухын қайта жандандырып келе жатыр десе болады», - деп атап өтті ол.