Алматыда мәдени ұлттық бренд қалыптастыру туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 18-і күні «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» деген тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны Мәдени саясат және өнертану институты ұйымдастырып отыр. Бұл шараның басты мақсаты ? ұлттық мәдениетті еуропалық мәдениетке, қасиетті құндылықтарымыз арқылы таныту. Ежелгі көшпелілер мәдениетін, яғни салт-дәстүрімізді қайталанбас мәдениеттің құндылықтарын Еуразия халықтарына бренд ретінде көрсете білу. Өркениеттілікке ұмтылған әлемді «жаһандану» билеген заманда қазақтың ұлттық бедерін айшықтап көрсететін бренд қалыптастыру. Мәдениет қызметкерлерінің Республикалық білім жетілдіру және қайта даярлау курсының меңгерушісі Дариға Оспанованың айтуынша, қазақтар - түркі әлеміндегі елден ерек бай мәдени мұраға ие халықтардың бірі. Мәдени мұра ? атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып ауысып отыратын көне дүние. Ұлттығымызды ұлықтап, дәстүрімізді дәріптету үшін кез келген мемлекет сияқты салтымыздың сән-салтанатын таныстырудан бастауымыз қажет. «Адамзат тарихының күретамыры ? мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры ? адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі ? мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты да ұлттық мәдениетіміз бен халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтап және оны жаңғырту болып табылады», дейді Дариға Нұртайқызы.
Соңғы жаңалықтар