Алматыда мәдениетаралық сұхбат туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Әл-Фараби мұрасы және мәдениетаралық сұхбат мәселелері» деп аталатын халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны Философия және саясаттану институты, Иран Ислам Республикасы елшілігінің Мәдени өкілдігі және «Қайнар» университеті бірігіп ұйымдастырып отыр. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өтіп жатқан бұл алқалы жиын екі күнге созылады. «Біз бұған дейін бұл халықаралық конференцияны 2000 жылы «Әл-Фараби мұрасы және әлемдік мәдениет» деген атпен өткізген едік. Оған 10 елден ғалымдар қатысқан болатын. Бұл жолы Қазақстан, Иран, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түрікменстаннан делегаттар келіп отыр», дейді Философия және саясаттану институтының директоры Әбдімәлік Нысанбаев. ҚР ҰҒА акадамигі, философия ғылымының докторы, профессор Әбдімәлік Нысанбайұлының айтуынша, бұл конференцияның басты мақсаты өзара түсіністік философиясының өзекті мәселелерін бірлесе талқылау.
Соңғы жаңалықтар