Алматыда «Магнум» сауда кешенінің аумағында ер адам қарудан жарақаттанды

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - 15 маусым күні «Магнум» СК аумағында 25 жастағы ер адам қарудан жарақаттанды.

Алматыда «Магнум» сауда кешенінің аумағында ер адам қарудан жарақаттанды

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға орнына жеткен Жетісу ІІБ қызметкерлері еуропалық нәсілді ер адамның оқ атқанын анықтады.

Жапа шегушінің айтуынша, сауда кешеніне кіреберісте ол достарымен бірге үш жігітпен байқаусызда соқтығысып қалған. Кейін «Магнумнан» шыққан кезде аталмыш әлгі үшеуі оларды қуып жетіп, бірі оқ бората бастаған. Жапа шегуші бұл жігіттерді бұған дейін көрмеген.

Алматылық көпсалалы аурухананың анықтамасы бойынша ер адам ішінен жарақаттанған.

Оқиға орнын тінту барысында гильза және арақтың бос шөлмегі табылды. Бұған қоса «Магнум» СК бейне бақылау камерасы да алынды.

ҚР ҚК 257 бабының 3 б. (Қаруды қолдана отырып қарақшылық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.