Алматыда маркетологтардың V Еуразиялық форумы өтеді

Биыл бесінші рет өткелі отырған форумда маркетингі, жарнама және PR саласындағы жетекші мамандар өздерінің тәжірибелерімен, маркетинг және бизнесті жүргізудің озық тәжірибелерімен бөліседі. Бұл туралы ҚР жоба менеджерлері одағынан хабарлады.
Форум ТМД-ның танымал маркетологтары өткізетін қызықты семинар-практикум түрінде ұйымдастырылмақ. Оның жұмысына Ресей, Украина, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия елдері маркетологтар қауымдастықтарының өкілдері, белгілі сарапшылар, ТМД кәсіпкерлері қатысатыны күтіледі.
Шара Еуразияның кәсіби қоғамдастығымен пікір алмасуға іскерлік және кәсіби байланыстарды жолға қоюға жәрдемдеседі. Оқыту бөлігі аяқталғаннан кейін өтетін салтанатты гала-қабылдауда Ресей, Қазақстан және Беларус ұлттық қауымдастықтарының «МаркеТоп-2012» конкурсының қорытындылары шығарылып, таңдаулылардың есімдері анықталады.