Алматыда мас адам учаскелік инспекторға қол көтерді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 31 жастағы ер адам учаскелік инспекторға қол көтерді. Медициналық сараптама көрсеткендей, ер адам мас болған.
«102» телефонына «бұзақының» әйелі хабарласқан. Оның айтуынша, жолдасы мас күйінде жұмыс орнына келіп жанжал шығарған. Есікті бұзған. Медициналық сараптамадан өтуге бара жатқанда ер адам полиция қызметкерін жағынан ұрған. Салдарынан учаскелік инспектор бет сүйегі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір ер адамға қатысты ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді ІІД басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев.
Бұл әрекеті үшін ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері билік өкіліне қол жұмсағаны үшін 72 адам жауапкершілікке тартылған.