Алматыда мас жүргізушінің кесірінен бес көлік соқтығысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас жүгізуші жаппай жол апатына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жол апатының видеосы пайда болды. https://www.instagram.com/tv/CbpxuL6AQk3/?utm_source=ig_web_copy_link

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты 28 наурызда болды.

«Toyota Highlander көлігінің жүргізушісі мас күйінде батыс бағытта Саин көшесінде келе жатып, арақашықтықты сақтамай Toyota Corolla көлігімен соқтығысқан. Кейін Toyota Highlander автокөлігі Skoda маркалы автокөлікке соғылды. Ал Toyota Corolla автокөлігі инерция бойынша Kia Rio көлігін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы жарақат алды», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Мас жүргізуші Бостандық аудандық полициясына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар