Алматыда Мәслихат депутаттарын сайлаушылардың саны 1 млн. 30 мың болды

«Сайлау 37 округ бойынша өтеді. Күнтізбелік жоспары бойынша үміткерлерді тіркеу 23 ақпанда аяқталады. Бүгінде 37 округ бойынша 149 адам үміткер болып отыр. Олардың 116-сы тіркелді. Мәжіліс сайлауына келетін болсақ, партиялық тізімдер шығарылды. 6 саяси партия өз үміткерлерін ұсынды. Барлық ақпарат аумақтық сайлау комиссиясының сайтында жарияланып жатыр», - деді аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айгүл Халықова.
Оның айтуынша, биылғы Мәслихат сайлауының ерекшелігі Алматының шекарасы кеңеюіне байланысты сайлаушылардың саны да артып отыр. Былтыр тек 950 мың адам дауыс берсе, биыл 1 млн 30 мың адам өз таңдауын жасауға ниет білдіріп отыр.
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 23 ақпанда аяқталады. Заңға сәйкес мемлекет сайлау науқанына қажетті сома бөлді.
Үміткерлер 114 295 теңге көлемінде міндетті жарна беруге міндеттеледі. Сондай-ақ, үміткердің өзі мен жұбайы салық декларациясын да тапсыруы тиіс.