Алматыда McDonald's мейрамханасы ашылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Алатау» кинотеатрының орнында McDonald's тез әзірленетін тағамдар мейрамханасы ашылды.
None
None

Бұл осымен Қазақстанда ашылған екінші McDonald's мейрамханасы. Біріншісі Астанада ашылған болатын.

Мейрамхананың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев жаңа мекеменің арқасында 150 жаңа жұмыс орны ашылғандығын және қала бюджетіне түсетін салық көлемі де енді арта түсетіндігін атап өтті.

«Инвесторлардың арқасында мінеки жақсы алаң ашылды. Бұл әлемгі белгілі бренд. Оның қаламызға келгеніне ризамыз. Бұл сөзсіз, біздің қаламыздың беделін арттыра түседі. Біз өз тарапымыздан мұндай жобаларға қолдау көрсететін боламыз», - деді Е. Жылқыбаев.

Сонымен қатар, ашылу рәсімі барысында мейрамхана басшылығы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мейірім» оңалту орталығына 5 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

200 орынды мейрамхананың жазғы алаңқайы да бар.

Күзге қарай, Алматыда тағы бір McDonald's  мейрамханасын ашу жоспарланған. 

Айта кетелік, бүгінде әлемнің 120 елінде 36 мыңнан астам McDonald's мейрамханасы бар. Оларда 1,7 млн-ға жуық адам жұмыс істейді. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар