15:49, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматыда «Медеу» аспалы жолындағы касса ғимаратынан өрт шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы шипажайына апаратын жолдағы «Медеу» аспалы жолының касса ғимаратынан өрт шықты. Дәлірек айтқанда, төменгі касса өртенген. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне «Шымбұлақ» шипажайының баспасөз қызметінен хабарлады.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін оқиға орнында екі машина жұмыс істеді. Зардап шегушілер болған жоқ. Кассада жұмыс тоқтағанымен, аспалы жол қалыпты режимінде жұмыс істеп тұр.