Алматыда Медеу ауданының жоғарғы жағында орналасқан тұрғын үйлерге су жеткізілмей жатыр
Суық судың не себепті берілмей жатқанды жайлы «Алматы су» МКК-нің қызметкерлері түсінік беруден бас тартты. «15 наурызда басталған жұмыстардың аяқталмауына байланысты Медеу ауданының Митин көшесінен бастап «Медеу» спорт кешеніне дейінгі үйлерге және «Көктөбе-1», 99«Көктөбе-2» аудандарының тұрғындарына су бірде беріліп, бірде тоқтатылып жатыр. Біздің кәсіпорынның қызметіне қатысы жоқ болғандықтан, су беру қашан реттелетіндігін айта алмаймын», - деді баспасөз қызметінің маманы Серік Шағыров. Сонымен қатар, оның айтуынша, ертең, яғни, наурыздың 18-інде таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін Розыбақиев, Тимирязев, Жандосов, Тургут Озал, Сәтбаев көшелері, Гагарин, Жандосов, Солодовников көшелерінің шаршысында орналасқан тұрғын үйлерге суық су беру тоқтатылады. Аталған аймақтың су желісінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.