Алматыда медицина саласы бойынша халықаралық Тюбинген конференциясы өтуде

АЛМАТЫ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 105-ші Халықаралық Тюбинген конференциясы өтуде. 1991 жылы Германияның Тюбинген қаласындағы Мангайма-Хайдельберг офтальмологиялық университетінде бастау алған бұл шара Қазақстанда алғаш рет 2012 жылы болған еді. Алматыда 11-ші қазанда өткен 99-конференциядан кейін Тайландтың Бангкок, Румынияның Будапешт, Данияның Копенгаген, Қырғызстанның Бішкек, Германияның Гамбург қалалаларында жалғасып, енді Алматыға қайта оралып отыр.
None
None

Бұл жолы шараны Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты мен Халықаралық көз жанарын сақтау орталығы бірлесіп ұйымдастыруда. Конференцияның мақсаты - витреоретиналдық патологияны, офтальмологиядағы қант диабетінен асқынған ауруларды емдеу және диагностикалау мәселелерінде шет елдік үздік мамандармен тәжірибе алмасу. 22 жылдың ішінде Тюбинген конференциясы әр жылдары АҚШ, Австрия, Алжир, БАӘ, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Венгрия, Грекия, Голландия, Грузия, Жапония, Иран, Италия, Исландия, Испания, Қытай, Мексика, Монако, Нигерия, Оңтүстік Корея, Польша, Португалия, Ресей, Словакия, Судан, Түркия, Украина, Үндістан, Ұлыбритания, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария елдерінде де өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар