Алматыда медициналық туризм туралы семинар өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған кореялық делегацияны Кенги-до провинциясы губернаторының Денсаулық сақтау саласы жөніндегі арнайы кеңесшісі Бэ Кису бастап келді. 30 адамдық бұл делегацияның құрамында Аджу, Ұлы Винсент, Сунчонхян, Вильс атындағы, Седжон, Грейс емханалары мен Чонсим халықаралық емханасының өкілдері енген. Бэ Кисудың айтуынша, Корея медицинасының АҚШ, Жапония, Израиль медициналарынан артықшылығы - қолжетімділігі. Сондай-ақ сырқаттарды Кореяда және одан тыс жерлерде бақылау мақсатында орталықтандырылған ақпараттық байланыстың болуымен де ерекшеленеді.
«Бұл шара Кореяның Кенги-до провинциясы мен Қазақстанның Алматы облысы арасында 2008 жылы жасалған ынтымақтастық келісімі аясында жүзеге асты. Биыл мамыр айында Қазақстанда Корея президенті де ресми сапармен болып қайтты. Енді біз өз қарым-қатынасымызды денсаулық сақтау саласында дамыту мақсатында келіп отырмыз», дейді Б Кису.