Алматыда мектептен шыққан 2-сынып оқушысын Тойота қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2-сынып оқушысы көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Гете көшесінің бойында №31 мектептің тұсында болған.

2-сынып оқушысы жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Сол сәтте оңтүстікке бағыт алған Тойота Камри көлігі тежегішті басып үлгермей баланы қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, ер бала ұшып барып, басқа көліктің астына түскен. Алған жарақатынан бала сол жерде жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

null null  

Соңғы жаңалықтар