Алматыда мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында шағын-футболдан сайыс өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда мемлекеттік қызметкерлерден құралған командалар арасында шағын футболдан жарыс өтіп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс алдағы Қала күні меркесіне арналған. Сонымен қатар аталмыш шара мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен 2007-2011 жылдардағы дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткізіліп отыр.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен ең жақсы ойын көрсеткен ойыншылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар