Алматыда «Менің Қазақстаным» сериясымен шыққан 53 кітаптың таныстырылымы болады

АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Менің Қазақстаным» атты сериямен жарық көрген 53 кітаптың тұсауы кесіледі.
None
None

Аталмыш шығармаларды «Алматыкітап баспасы» ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай арнайы шығарған.

«Менің Қазақстаным» кітаптар сериясы - қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы, оның тұрмыс-салты, өлкеміздің табиғаты, батырлық және лирикалық дастандары, тарихи тұлғалар жайлы туындыларды қамтиды. Басылымдардың ішінде «Қазақстан» альбомы, «Тарихи тұлғалар», «Қазақ жылқыларының тарихы», «Қазақстанның зергерлік өнері», «Қазақстан флорасының кереметтері», «Қазақстан - қызғалдақтың Отаны» деп аталатын, еліміздің тарихы мен мәдениетінен, табиғаты мен салт-дәстүрінен сыр шертетін кітаптар бар.

«Қазақстан» альбомы - оқырмандарды еліміздің облыстары мен басты қалалары Астана мен Алматының картасы, ландшафтысы, табиғаты, климаты, халқы, экономикасы, көлік қатынастары, әлеуметтік жағдайы және тарихымен таныстырады. Альбом кең көлемде фотоматериалдармен безендірілген. Табиғаттың небір әдемі жерлері түсірілген слайдтар мен еліміздің қазіргі экономикасының дамуын бейнелейтін фотосуреттер кітаптың мазмұнын аша түскен.

Ал, «Тарихи тұрғалар» кітабы - Қазақ хандығының қалай күшейгені, елін, жерін қалай көбейтіп кеңейткені туралы айта келіп, еркіндік, азаттық үшін қаншама ғасыр жанқиярлық жұмыс жүргізген ұлы адамдардың өмірі, ол адамдар туралы ел аузында қалған аңыз, әңгімелер туралы сыр шертеді. Халық тарихы - тек қана жылнамалар жинағы емес, жеке ірі тұлғалардың өмірімен де тығыз байланысты екенін ескерсек, бұл кітаптың құндылығы арта түспек.

«Алматыкiтап» баспасынан «Менің Қазақстаным» сериясымен жарық көрген кітаптардың ресми тұсаукесері 14 желтоқсанда «ROYAL TULIP» қонақ үйінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар