Алматыда мерекелік отшашу Республика алаңында өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін алматылықтар кешкі оннан түнгі 12-ге дейін Республика алаңында 2016 Жаңа жылды қарсы алады.
None
None

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәстүр бойынша Республика алаңында жаңажылдық шоу-бағдарлама ұйымдастырылады. Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Әли Оқапов, «КешьЮ», «Войс», «Жігіттер» тобы өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауының көрсетілімі өтеді.

Іс-шара орасан зор мерекелік отшашумен аяқталады.

Айта кету керек, 31 желтоқсан сағат 20.00-ден 2016 жылғы 1 қаңтар 01.00-ге дейін Республика алаңы көлік қозғалысы үшін жабық болады.

Соңғы жаңалықтар